КОРОНАВИРУСТЫ ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН АУРУХАНАЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫСЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Елордада коронавирусты жұқтырған науқастар үшін салынған аурухана қолданысқа берілді. Құрылысы екі аптада аяқталған модульді кешенді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі барып тексерді. 200 орынға есептелген аурухананың құны 5,5 млрд теңге. Жобалау барысында ем алушылармен қатар дәрігерлердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беріліпті. Су жаңа ғимараттың сапасын бақылауға әріптесім Алмас Амангелді де барды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу