КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ БАСТАЛСА 162 МЫҢ АЗАМАТ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ҰСЫНҒАН БОС ОРЫНДАР КЕНШІЛЕРДІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚПАЙ ЖҮР

Дәл осы Арқалық қаласында жақында 350 адам жұмыссыз қалады. Өйткені, тау-кен өндіретін кәсіпорын жабылады. Кеніш жоспар бойынша 2021 жылы жұмысын тоқтатуы тиіс еді. Өкінішке орай, боксит қорының сарқылуына байланысты өндіріс орынын ұстап тұруға еш мүмкіндік қалмады. Кәсіпорын 3 жыл бойы шығынға батып келеді. Мұнда 500-ге жуық адам еңбек етуде. Кеніш қазу тоқтап тұрған кезде де кеншілерге жалақысының жартысы төленіп отырды. Қазіргі таңда нақты 97 адам жұмыс істейді. Қалғандарына басқа облыстардан вахталық әдіс бойынша жұмыс орны ұсынылғанымен көбісі келіспеген көрінеді.

КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ БАСТАЛСА 162 МЫҢ АЗАМАТ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

Коронавирустың екінші толқыны басталса 162 мың азамат жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал 2 млн-нан астам адамның жұмыс уақыты қысқарады немесе ақылы-ақысыз демалысқа жіберіледі деп болжануда. Еңбек министрі Біржан Нұрымбетовтың сөзінше, бұл бірінші кезекте сауда, көлік және тамақтану қызметі саласындағыларға қатысты. Осылайша жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін артпақ. Мәселені шешу үшін министрлік ұзақ мерзімді шаралар әзірлеп жатқанын жеткізді. Онда қазіргідей 400 емес, 700 жұмыс орнын құру қарастырылған. Сондай-ақ, ауылдағы кәсіпкерлерге кепілсіз несие беру және олардың өнімдерін кепілмен сатып алу тетіктері бар. Бұған қоса, министр егер карантин енгізілсе, жұмыссыздарға берілетін төлем артуы мүмкін екендігін айтты. 

ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ МҮМКІН БЕ?

Салаға жауапты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кеткен кемшіліктерді ескеріп, нәтижеге қол жеткізді ме? Сан-сауалдың жауабын дәл қазір, скайп арқылы байланысқа шыққан мамандардан білеміз. 

Таныс болыңыздар: 
 Исатай Мыңбаев Бекесұлы, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы,
Мадина Әбішева, Кадрларды іздеу және таңдау рекрутинг компаниясының жетекші маманы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу