Қос азаматтығы бар азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?

Ә. БӘЙМЕНОВ: ҚОС АЗАМАТТЫҒЫ БАРЛАР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ДЕ БОЛУЫ МҮМКІН

Түрлі себептермен елден өзге мемлекеттерге көшіп жатқандар арасында қалай екені белгісіз азаматтығын сақтап қалатындар бар. Анықтап айтайын. Мысалы, Павлодар облысынан Ресейге түбегейлі қоныс аударған қазақстандық, елімізден 2- 3 жыл емес, 14 жыл бойы зейнетақы алған. Салдарынан қазынаға шамамен 4 млн теңге шығын келген. Бұл бір ғана факт. Қос азаматтығы барлар мемлекеттік қызметте де, тіпті заңшығарушы органда да болуы мүмкін. Ұлттық қауіпсіздікке қайшы келер - бұл қауіпті Әлихан Байменов айтты. Ал оны бізде тексеріп жатқан ешкім жоқ. Неге?

Бұл сұрақты студиямызға келген Парламент мәжілісінің депутаты, Ақ жол партиясының мүшесі Берік Сәлімжанұлына қойдық.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу