ҚУАНДЫҚ ШАМАХАЙҰЛЫНЫҢ ӘЙЕЛІ: КҮЙЕУІМЕ ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАЛДЫ

Қастандық жасалуы әбден мүмкін. Бүгін таңертең қайтыс болған белгілі журналист Қуандық Шамахайұлының жары біздің арнаға берген сұхбатында осылай деді. Алты күн бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен марқұмның жағдайы соңғы уақытта күрт нашарлап, ақыры жүрегі шыдамады дейді дәрігерлер. Алайда, туыстары бұл айтқандарына сенбей отыр. Себебі, қоғам белсендісінің әлеуметтік желіде қалдырған соңғы жазбасы күдік ұялатуда. Бұған қоса, қайтыс болар алдында таңғы сағат 4 жарымда жары марқұм жолдасымен ауруханда кездескенін жеткізді. Соңғы жүздесуінде журналист Қуандық Шамахайұлы не айтты? Әріптесім Арай Сүгірбайдың материалында.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу