ҚҰРЫЛЫСЫ 4 ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ ӘЛІ АЯҚТАЛМАЙ ТҰР

Сақалды құрылыс! Ақтаудағы «Аққу-3» деп аталатын тұрғын үй кешені көпшілік арасында осындай лақап атқа ие. Өйткені «Нұр жер» бағдарламасымен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салып жатқан кешен 4 жылдан бері бітер емес. Керісінше, күннен күнге құрылысы баяулап бара жатқандай. Ал бастапқыда салымшыларға берілген уәде бойынша 670 пәтерлік тұрғын үй 2018 жылы иелеріне берілуі тиіс еді. Құрылыстың сағызша созылуына нақты не себеп? Оны меншікті тілшіміз Жазира Әбіл анықтауға тырысты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу