ҚҰС ТҰМАУЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕТТІ

Құс тұмауы Шығыс Қазақстанға да жетті. Қауіпті дерт Бесқарағай ауданында анықталды. Облыстық ветеринария басқармасы әзірге құс өлімі тіркелмегенін хабарлады. Бұған қарамастан ауру шыққан ауылдық округ бірден карантинге жабылды. Жағдайды тұрақтандыру үшін қанаттыларға вакцинация жасалыпты. Ал, Ауыл шаруашылық министрлігі індет өршіген бір айда 873 мың бас құстың қырылғанын мәлімдеді. Ветеринариялық және карантиндік қауіпсіздік мәселелері бүгін Үкімет отырысында талқыланды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу