ҚҰС ТҰМАУЫНАН ҚҰСЫ ҚЫРЫЛЫП, ШЫҒЫН КӨРГЕНДЕРГЕ ҮКІМЕТ ӨТЕМАҚЫ БЕРЕТІН БОЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысындағы 7 ауданда құс тұмауы ошағының бары расталды. Яғни, өңірге арнайы тексеру жүргізе келген Ұлттық анықтамалық орталы мамандары құстардың жаппай қырылуына жоғары патогенді вирустың тарауы басты себеп деген қорытынды шығарған. Инфекция тарап жатқан аудандар мыналар: Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Мүсірепов және Жұмабаев. Осыған орай, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ауру ошағы деп танылған аймақтан құс өнімін сыртқа шығармауға бұйрық шығарған. Қазір Ресейдің Солтүстік Қазақстан облысымен шектесетін аймағында құс тұмауы тарап жатыр. Жалпы Тюмень, Челябі, Курганск және Омск областарын қосқанда 42 аймақтан індет ошағы табылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі енді құсы қрылып, шығын көргендерге өтемақы беруге шешім шығарған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу