Қытайға агроөнімдерді өткізудің кедендік рәсімдері жеңілдетілді

Енді Қытайға қазақстандық агро өнімдерді тез, әрі молынан өткізуге мүмкіндік бар. Яғни, екі елдің кеден бекетінде «жасыл дәліз» жобасы іске қосылды. Алматы облысындағы «Нұр жол» кеден өткілінде бірден 18 келісім бекітілген. Оған сәйкес, ауыл шаруашылық тауарларын өткізу мен тексерудің талаптары оңтайландырылмақ. Әзірге өкізілуі жеделдетілген тауарлар - бидай, арпа, соя, зығыр. Таяуда қатарға жеміс-жидек пен көкөністер де қосылады. «Жасыл дәліз» аясында, сондай-ақ, шаруалар үшін арнайы шекара қоймалар да ашылмақ. «Нұр жол» бекеті былтыр іске қосылған. Мұнда барлығы да автоматтандырылған, транспорттар қатарына 8 жолмен өтеді. Биылғы жылдың 6 айында қазақ-қытай сауда-саттығы 310 млн долларды құрапты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу