Қызылорда облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қызылорда облысында мұнай өңдеу зауыты салынбақ. Бұл жайында облыстық әкімдіктегілер хабарлады. Сөздерінше, еліміздегі төртінші мұнай өңдеу зауытының құны 4 млрд теңгеге жобаланып отыр. Әзірге тек құжаты ғана дайын. 2021 жылға дейін салынып бітеді дейді мамандар. Кәсіпорында жылына 300 мың тонна шикізатты өндіру жоспарлануда. Сондай-ақ Аи-92 және 95 маркалы бензин шығаратын болады. Жаңа зауытта 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу