ЛИВАНДА БІТІМГЕРЛІК МИССИЯ ОРЫНДАҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘСКЕРИЛЕР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Бұл уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы бітімгершілік миссиясына қатысқан үшінші рота елге оралды. Қазақстандық әскерилер сегіз ай бойы Таяу Шығыста бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысты. Айта кету керек, коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты қабылдаушы елдегі саяси-экономикалық жағдай әлі күрделі. Дегенмен, қазақстандық мамандар шетелдік әріптестері мен бақылаушылардың жоғары бағасына ие болды. Ұзақ мерзімді қызметтен қайтқан бітімгерлік ротаны десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы бауырсақ-қымызбен қарсы алды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу