LRT ІСІ: АЙЫПТАЛУШЫЛАРДЫҢ БІРЕУІ ҒАНА КІНӘСІН ТОЛЫҚ МОЙЫНДАДЫ

Бүгін LRT ісіне қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Жеңіл рельсті транспорт жүйесін салу кезінде 5 млрд 800 млн теңгеден артық бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша 7 күдікті жауапқа тартылуда. Алайда аты шулы істің басты фигуранттары - елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" басқарма төрағасы Талғат Ардан сотқа қатыспады. Қос күдікті "қамауға алу" шарасы бойынша әлі күнге дейін халықаралық іздеуде. Тергеу органдарының мәліметінше, шенеуніктер кәсіпкерлермен бірге жоба құнын жасанды түрде қымбаттатып, жалған кәсіпорындардың көмегімен миллиардтаған ақшаны қалтаға басқан. Бүгін прокурор 267 беттен тұратын айыптау актісін оқыды. Қылмыстық істің материалдарында қала әкімінің бұрынғы орынбасарының есімі жиі кездеседі. Прокурордың айтуынша ұйымдасқан қылмыстық топты құрған және барлық бұйрықтарды берген ауқымды жобаға тікелей жауапты болған Қанат Сұлтанбеков.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу