М. ПОМПЕОНЫ КҮТІП АЛҒАН ДИПЛОМАТТАР ПРОТОКОЛҒА САЙ КИІНБЕУІНІҢ СЕБЕБІН ТҮСІНДІРДІ

Сын орынды! АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоны спорттық күрте мен құлақшын киіп күтіп аламыз деп сөзге қалған дипломаттар бүгін осылай деп ақталды. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев та сол делегацияның құрамында болған. Айтуынша, 2-ші қаңтарда ауа райы өте суық болыпты. Сондықтан министрлік қызметкерлері құрметті қонақты күтіп алуға барынша жылы киініп барған. Сондай-ақ қолдарын қалталарына салып тұрған. Енді дипломат ел назары ресми кездесуге емес, сәніне ауып кеткенін қапалы. Дегенмен, фейсбук қолданушыларының қызу талқылауы басылар емес. Дипломаттар протоколды сақтамады, өздерін такси жүргізушісі сияқты көрсетті деп, келемеж суреттер таратып жатыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу