МАҚТААРАЛДА ҚАУІП БІРШАМА СЕЙІЛІП, 17 МЫҢҒА ТАРТА ТҰРҒЫН ӨЗ ҮЙЛЕРІНЕ ОРАЛАТЫН БОЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы 10 елдімекенді су шайып, 31 мыңнан аса халық қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл тасқын су болған аймақтан келген соңғы мәлімет. Судың бетін қайтара алмаған жергілікті билік қалған ауылдарға бөгет жасауда. Оған жергілікті халықты жұмылдырып, қолдан келгенше қауіптің алдын алмақшы. Ал, ауыл тұрғындары болса үйлеріміз шетінен қирап жатыр деп налиды. Себебі, мақталы өңірде төтенше жағдайдан жалпы саны 700-ге жуық үй су астында қалған. Тасқыннан зардап шеккен жұрттың бүгінгі жағдайын өңірлік тілшіміз Айнұр Ақбаева тарқатады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу