МӘМС пен КТМК: тұрғындар нені білуі керек?

Екі айдан кейін қазақстандықтар медициналық қызметтердің екі түрлі пакеті бойынша жәрдем ала алады. Біріншісі – Кепілдендірілген тегін медициналық көмек болса, екіншісі – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. Осы ретте тұрғындар нені білуі керек? Оны Елордадағы нөмірі 3-ші көпбейінді қалалық балалар ауруханасындағы бас дәрігердің орынбасары Айдарбек Өтемұратов айтып берді. Оның пайымдауынша балалар, студенттер, алтын және күміс алқа иелері, мүгедектер мен бас бостандығынан айырылғандар сияқты 15 санат бойынша азаматтар тегін жәрдемге жүгіне алады. Қызмет түріне санавицация, шұғыл стацанарлық, палеативті көмек пен созылмалы ауруға шалдыққан науқастардың емі кіреді. Ал міндетті медициналық сақтандыруға келсек, оның қарапайым халыққа пайдасы көп деді, - Айдарбек Өтемұратов.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу