Манзоров ісі: Бас Прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік текетіресі жалғасуда

Бағдат Мәнзоров ісін соңына дейін жеткіземіз. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары осылай деді. Олжас Бектенов оған ұлттық бюроның айғақтары жеткілікті екенін айтты. Қазір агенттік Бас прокуратураға жіберген екінші шағымның жауабын күтіп отыр. Бұған дейін жіберілген бірінші арызды Бас прокуратура қабылдамай, өткен аптада кері қайтарған болатын. Сондай-ақ, «бұл істе қылмыстық негіз жоқ» деп танып, оны тоқтататындығын мәлімдеген.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу