МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕНІ ҮШІН ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛДЫ

37 жастағы қарағандылық мас күйінде көлік жүргізгені үшін түрмеге қамалған алғашқы адам ретінде тіркелді. Қаперде болса, қаңтардан бастап елімізде ащы су ішіп, көлік тізгіндегендерге қатысты жазаны ауырлату туралы заң күшіне енген болатын. Өзгерістен кейінгі алғашқы құқық бұзушылық Қарағандыда анықталып, азамат уақытша тергеу изоляторына қамалды. Күдікті екі жыл бұрын ғана сот шешімі бойынша жүргізуші куәлігінен айырылып үлгерген. Алайда, бұл жағдай оған сабақ болмаған секілді. Алдағы уақытқа ол 5 жылға дейін түрмеге қамалып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу