МАС ЖҮРГІЗУШІ БЛОК-БЕКЕТКЕ СОҒЫЛЫП, ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАЗА БОЛДЫ

Мас жүргізуші Алматыға кіре берістегі блок-бекетке соғылып, салдарынан екі полицей көз жұмды. Оқиға Алматы қаласы мен Қарасай ауданының шекаралас тұсында болған. Полиция департаментінің мәліметінше 1992 жылғы азамат Көксай шағын кентіндегі Қожабеков пен Жаңа ғасыр көшелерінің қиылысында келе жатып, бетоннан құйлған шектеуге қағылған. Артынша ішінде екі адам отырған патрульдік автокөлікті соққан. 42 жастағы аға лейтенант Жалғас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болса, әріптесі сержант Дастан Абдықановты аса ауыр жағдайда жедел жәрдем алып кеткен. Алайда, оны да дәрігерлер аман алып қала алмады. Тақырыпты, тілшіміз Әнуар Кәрбозов толықтырады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу