МАСАНШЫДА ТАҒЫ БІР АДАМНЫҢ МҮРДЕСІ ТАБЫЛДЫ

Масаншыдағы қираған үйінділердің астынан тағы бір адамның мүрдесі табылды. Осылайша жаппай қақтығыста көз жұмғандардың саны 11-ге жетті. Бұл жайында Жамбыл облысы әкімдігі хабарлады. Ақпаратқа сүйенсек, ақпанның 11-де Масаншыдағы өртке оранып, шатыры құлаған сауда орталығын тазарту жұмыстары жүргізілген. Қираған құрылыс нысандарының арасында адам мүрдесі жатқаны да сол күні анықталған. Алайда, араға екі күн салып жарияланып отыр. Әзірге, марқұмның кім екені, тіпті әйел не еркек екені де белгісіз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу