МӘЖІЛІС ПЕН МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫНА 15,3 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ

Сонымен, келесі жылы өтетін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына 15 млрд 300 млн теңге жұмсалмақ. «Мұның өзі – бюджет қаржысының үнемделген жолы»,- дейді Орталық сайлау комиссиясындағылар. Олар бүгін президенттің үндеуінен кейін іле-шала жұмыстарына кірісіп кетті. Себебі, Мемлекет басшысы саяси доданың өтетін күні белгіленген жарлыққа да қол қойды. Кезекті сайлауда оппозициялық партия мен әйелдерге ерекше басымдық берілмек. Мұндай жаңашылдықтың сыры неде?

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу