МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА 1 АЙДА 800-ДЕН АСА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Жаппай тексеру біраз былықтың бетін ашты. Медицина саласында тек 1 айда 869 құқық бұзушылық анықталды. Елдегі ахуалды пайдаланып табысқа кенелмек болғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ақорданың ресми сайтында күдіктілердің басым бөлігі препараттарды алыпсатумен айналысқаны жазылған. Тәртіп сақшылары дәрі-дәрмек құнын қымбаттатқан 522 фактіні тіркеген. Сондай-ақ, оларды заңсыз түрде дайындап, саудалаған 338 қылмыстың жолын кескен. Өз лауазымын пайдаланып, заңнан аттаған шенділер де қолға түсті. Мәселен, Қостанай мен Қызылорда облысында денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері өкпені жасанды желдету аппараттарын жоғары бағамен сатып алып отырған. Қазір бюджет қаржысын жымқырғандар үстінен қылмыстық іс қозғалуда.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу