МЕМҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ МӘТІН ЖАЗЫП, СӨЙЛЕЙ БІЛУІ ЖАҢА ФОРМАТТА ТЕКСЕРІЛЕДІ

Мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілінде мәтін жазып, көпшілік алдында сөйлей білуі енді жаңа әдіспен тексеріледі. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы тестілеудің соны форматын енгізгелі жатыр. Олар қазақ тілін деңгейлік оқыту тұжырымдамасы негізінде «ResmiQazTest» жүйесін ойлап тапты. Тест, негізінен, ересек аудиторияға арналған және ғылыми, ресми, публицистикалық стильде жүйелі мәтіндерді жазу қабілеттерін анықтауға бағытталған. Сонымен қатар көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын бағалауды көздейді. Әлемдік тәжірибеге сай әзірленген ResmiQazTest 4 бөлімнен тұрады. Қазіргі уақытта аталған тестілеу жүйесі мемлекеттік басқару академиясына түсетін үміткерлер арасында пилоттық форматта сынақтан өтуде.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу