МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МӘСКЕУДЕГІ ЖЕҢІС ПАРАДЫНА ҚАТЫСАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусымда Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысатын болды. Пандемияға қарамастан Мемлекет басшысы құрметті қонақ ретіндегі шақыртуды қабыл алған. Ал ел ішінде індетке шалдыққандар саны күн санап артуда. Олардың қатарында шенділер де бар. КОФИД-19 бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Түркістан қаласының басшысы Рашид Аюповтан анықталды. Ал, Сауда министрі Бақыт Сұлтанов сақтық үшін оқшауланды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды толығырақ тілшіміз Айзат Қайырлыбекқызы айтып беруге дайын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу