МЕМЛЕКЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛЕТІН ІРІ КӘСІПОРЫНДАР ТІЗІМІ ЖАСАҚТАЛДЫ

Мемлекеттік көмек берілетін ірі кәсіпорындар тізімі жасақталды. Арнайы комиссия шешімімен 361 компания қолдауға ие болады. Тізімге құрылыс, көлік, энергетика, сауда, жылжымайтын мүлікті жалға алу, тау-кен өндірісі мен өңдеу өнеркәсібі енген. Оларға мемлекет кепілдігімен несиелер беріліп, салықтық жеңілдіктер ұсынылған. Сондай-ақ, рұқсат беру құжаттарын жеделдетіп, қосымша құн салығын қайтару процесін жеңілдету қарастырылған. Кәсіпкерлер өз кезегінде ақылы жұмыс орнын сақтауы қажет. Бұдан бөлек, тек отандық өнімді тұтынып, жергілікті қызметке ғана жүгінуі тиіс. Келісімшартқа сәйкес төлемдерді уақтылы жүргізіп, ақпарат ашықтығын қамтамасыз етуі керек. Соңғы екі жыл үшін топ-менеджментке аударылатын дивиденттер мен бонустар алынып тасталынады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу