МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА КӨЛІК ПЕН ЖИҺАЗ САТЫП АЛУЫНА 3 ЖЫЛҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Мемлекеттік органдарға көлік пен жиһаз сатып алуына 3 жылға шектеу қойылды. Мораторий ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік субъектілерге де қатысты. Талдап айтсақ, бюджет есебіндегі экономикалық шығыстар параметріне сәйкес, жеңіл, арнайы және жедел қызметтегі транспорттарға ақша шығындалмауы тиіс. Үнемдеудің арқасында биыл 532,8 млрд теңге қазынада қалған. Қаржының бір бөлігі коронавируспен күреске, ал тағы бір бөлігі бизнес пен азаматтарды қолдауға жұмсалған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу