Мердігер мекеме мемлекетке 40 млн теңге төлеп беретін болды

Қарағанды облысында мердігер мекеме мемлекетке 40 млн теңге төлеп беретін болды. Жол жөндеу жұмыстарын сапасыз жүргізген мекемеге қатысты осындай шешім қабылданған. Сондай-ақ компания бұзылған жолды қайта жөндеп шығуға міндеттеліп отыр. Айта кетейік «Дорстрой ЛТД» өткен жылы жолға орташа жөндеу жұмастарын жүргізу бойынша тендер ұтып алған. Аалайда қазір Қарағанды-Павлодар тас жолының Корнеевка ауылының маңындағы бөлігі жарамсыз күйге түскен. Арнайы тексеріс жүргізгеннен кейін мамандар жолдың бұзылуының негізгі себебі ауыр жүк көліктерінің көп қатынауына байланысты деген шешім шығарған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу