МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТТАР ШИКІЗАТ ЖЕТКІЗУШІЛЕРГЕ 4,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРЫЗ

Қазақстандық металл өндіру зауыттары шикізат жеткізушілерге 4 млрд 500 млн теңге қарыз. Мұндай ақпаратпен Қайталама металлургия өнеркәсіп иелері одағының төрағасы Владимир Двореций бөлісті. ГРА: Белгілі болғандай, қарызға белшесінен батқандар көшін АрселорМиттал Теміртау бастап отыр. Оның берешегі 4 млрд 200 млн-ға тең. Екінші орында 107,7 млн теңгемен KSP Steel компаниясы тұр. ПромИнвестАлматы да дәл осынша сома қарыз екен. Одақ өкілдері бірінші кезекте, АрселорМиттал Теміртау басшылығына назары. Олардың айтуынша, кей компаниялар алпауыт зауытпен тікелей келісім жасай алмайды. Серіктестерді өздері таңдап, өз бағаларын бекітеді. Әділдік іздеген кәсіпкерлер зауыт иесімен бетпе-бет жүздесуге ниетті.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу