МИНИСТР: 42500 ТЕҢГЕНІ АЛҒАН БІРДЕ-БІР АЗАМАТ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ

42500 теңгені алғаны үшін бірде бір азамат қылмыстық жазаға тартылмайды. Тіпті, қателесіп жібергендерге де жауапкершілік қарастырылмайды. Әлеуметтік төлем төңірегінде туындаған даулардан кейін Еңбек министрі осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ осы мәселені көтеріп жүрген заңгерлерге сөз таласты доғаруды өтінді. Десе де министр қызметі тоқтамаған жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыскер 42500 теңгеге өтінім бере алмайтынын және олардың тарапынан заңсыз болатынын тағы еске салды. Айта кетейік қазіргі таңда 3 млн 960 мың адамға жалпы 157 млрд теңге әлеуметтік төлем тағайындалды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу