МИНИСТР ЕЛДЕГІ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕТІНІН ТҮСІНДІРДІ

Қазақстанда карантин талаптарын жеңілдету жоспары дайындалып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі айтты. Отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында Алексей Цой халықаралық тәжірибені зерттеп жатқандарын жеткізді. Сөзіне қарағанда, уақытша режим сатылап жұмсартылатын көрінеді. Бірақ демалыс күнгі локдаунның сақталуын ведомство жетекшісі жоққа шығармайды. Ал балабақшалар мен білім беру орындарының ашылуы 2 тамыздағы жағдайға байланысты болмақ. Жалпы, сол уақытта карантиннің ұзартылатыны не жеңілдетілетіні анықталады. Цой сұхбат барысында қазір эпидем ахуалдың тұрақтанып, тіпті, көрсеткіштердің жақсарып келе жатқанын айтты. Осы тұста, бас дәрігер Қазақстанда КВИ-ге қатысты өлім-жітім Ұлыбританиядағымен салыстырғанда 20 есе төмен болуының себептерін түсіндірді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының статистикасына қарасақ, Ұлыбританияда өлім-жітім 1 млн адамға шаққанда - 665, Испанияда - 608, Швецияда - 588, Ресейде - 86, ал Қазақстанда - 31.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу