Министр қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақыларындағы айырмашылықты айтты

Еліміздегі кәсіпорындарда еңбек ететін шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақысын тексеру барысында 476 заңбұзышылық анықталған. Мұны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Ведомства басшысының айтуынша бас прокуратурамен бірлесіп еліміздегі 49 компанияға тексеріс жүргізген. Нәтижесінде еңбек ережелерін және миграциялық заңды бұзған 791 факты анықталған. Нақтырақ айтсақ, Атыраудағы "Нефтестройсервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жергілікті жұмысшыларға сағатына 568 теңге төленсе, шетелдік жұмысшыға 6500 теңге көлемінде жалақы төлеген. Заң бойынша мұндайға жол берілмеу керек. Жұмыс берушілер әр қызметкерге бірдей еңбек жағдайын жасау керек дейді министр. Жалпы бүгінде елімізде 2425 компания шетелден жұмысшы тартуға құқылы. Ал, осы компанияларда 531 мың қазақстандық еңбек етуде.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу