МИНИСТР: «КӨБЕЙТҰЗ» МЕМЛЕКЕТТІК ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІНЕ АЛЫНАДЫ

Туристер қызғылт көлдің экологиялық ахуалын бір айда нашарлатып жіберді. Сондықтан енді «Көбейтұз» мемлекеттің ерекше қорғауына алынады. Мұны Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев арнайы брифинг барысында мәлімдеді. Сондай-ақ, «көл 49 жылға жалға беріледі екен» деген ақпарды да жоққа шығарылды. Бұған дейін аймақты сақтау үшін шлагбаум қойылсын деген де ұсыныстар жасалды. Нұр-Сұлтаннан 179 шақырым қашықтықтағы Көбейтұз биыл ерекше қызғылт түске боялғандықтан жұрт қызықтайтын орынға айналған. Бірақ демалушылар суретке түсіп қана қоймай, көлден лайымен қоса тұзын да шелектеп әкетіп жатты. Кейін құтысын 5 мың теңгеге саудалағандар табылды. Ал жағасы қоқыс алаңынан айналған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу