МИНИСТРЛІК: BEK AIR ҰШАҚ БИЛЕТТЕРІНІҢ АҚШАСЫН 31 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН ҚАЙТАРУЫ ТИІС

Бек Эйр компаниясының қызметі уақытша тоқтатылды. Ал 31-ші желтоқсанға дейін сатып алынған Бекэйр билеттерінің ақшасы толықтай қайтарылуы тиіс. Бұл жөнінде Индустрия министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомоствоның мәліметіне сенсек рейстер барлық бағыт бағыт бойынша шектелді. Ақпар үшін айтып өтейін, Бек Эйр 1999-шы жылы ВИП рейстерді жүзеге асыратын компания ретінде құрылған. Әр жылы мұнда Як-40, Ту-154, Фалькон – 20, Фоккер-100 ұшақтары пайдаланылған. Бүгінде әуе компаниясының паркінде Фоккер-100 маркалы 7 ұшақ бар. Бүгін апатқа ұшыраған әуе кемесі де дәл осы Фоккер-100 болатын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу