МИНИСТРЛІК ЖОСПАРЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙҒА 600 МЫҢ ТОННА МҰНАЙ ЭКСПОРТТАЙДЫ

Қазақстан Қытайға мұнай экспорттауды қайта бастайды. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Еске салайық, 16-шы қаңтарда «СНПС-АқтөбеМұнайГаз» құбырынан ақау шығып, Қытайға жеткізелетін шикізат тоқтаған. Онда хлорлы органикалық қоспалар мөлшерінің 204 градусқа дейін жоғарлаған. Нәтижесінде, экспорт қана емес, сондай-ақ Ресей транзитін де тежеуге тура келді. Кейін «ҚазТрансОйл» магистральдің бір бөлігін қалыпқа келтіріп, транзитті қайта іске қосты. Ал Қазақстан Үкіметі қаңтар айына тасымалды тоқтата тұруды ұйғарды. Энергетика министрлігі оны таяу күндері қайта іске қоспақ. Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев Белорусьқа да мұнай экпорттау келісімінің жасалып жатқанын айтады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу