МИНИСТРЛІКТЕРДЕ ҚЫСҚАРТУ БОЛАДЫ

Еліміздің министрліктерінде бірқатар қысқарту болады. Штат саны азайғаннан кейін, үнемделген ақша білікті, кәсіби мамандардың жалақысын арттыруға жұмсалады деп көзделуде. Алайда, Ұлттық экономика министрінің орынбасары Айгүл Шаимова қанша мемлекеттік қызметкер жұмысынан кететінін айтқан жоқ. Ол осы жылдың желтоқсан айына дейін белгілі болмақ. Еңбек етушілер лимитін азайту арқылы айлықты өсіру бұрын да болған. Бірақ ол бастамадан пайда болмады деген вице-министр бұл өзгешелік өз жемісін береді деп сеніп отыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу