МИНСКІДЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр. Басқосуға осы кеңеске мүше елдердің барлық премьер-министрлері қатысуда. Төрағалық еткен мемлекеттің үкімет басшысы Роман Головченко күнтізбеде бірқатар мәселелер бар екенін атап өтті. Головченконың сөзінше негізгі проблема, бұл мемлекетаралық сауда-саттықтағы барлық барьерларды мейілінше азайту. Аталған мәселені шешеміз деп қанша бекінсек те, бұл проблема әлі толыққанды шешімін таппай келеді деді Беларусь мемлекетінің премьері. Бұдан бөлек тауарларды таңбалау, газбен мұнай сегментіндегі жұмыстар және бірыңғай энергетикалық нарық құру мәселесі сөз етіледі. Тараптар пандемия кезінде дендеген дертті шетке ысырмай, қауіпті індетпен күресу мәселесінде талықлауымыз тиіс деген ойларын айтты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу