Мұғалімдерден жөнсіз есеп талап еткендерге 303 000 теңге айыппұл салынады

Енді мұғалімдерді артық жұмысқа тартып, шамадан тыс есеп талап еткен тұлғалар 303 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Тиісті норма «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына енгізілді. Дәл осындай жаза жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғандар мен негізсіз тексеру жүргізгендерге де қарастырылған. Есесіне мұғалімдердің жалақысы алдағы төрт жыл ішінде екі есеге артады. Яғни келесі жылдан бастап ұстаздардың еңбекақысы 25 пайызға көбейеді деген сөз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу