Мұнай компанияларындағы еңбек теңсіздігі шешілді ме?

Бүгінде мұнай-газ саласында қазақстандық үлес артып келеді. Анығын айтқанда Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобаларында жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың саны 90 пайызға жеткен. Бұл – энергетика министрлігінің ақпараты. Қуантарлық жағдай әрине. Бірақ, бірағы бар. Мәселен, экономикамыздың негізгі қозғаушы күші мұнай саласында басшылық қызметте бір-ақ қазақстандық бар. Оның өзі 25 жыл ішінде биыл ғана тағайындалған. Ал жалақы айрымашылығы жылдар бойы қаузалып, шешілмей келе жатқан мәселе екені бәріне аян. Соның салдарынан үш ай бұрын ЗКТ: Теңіз елді-мекенінде мыңға жуық жұмысшы ереуілге шығып, арты төбелеске ұласқан еді. 45 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Осы іспетті жағдай, 2006 жылы болған. Ол кезде жүздеген жергілікті және шетелдік жұмысшылар бір-бірімен төбелесіп, 150 түрік азаматы жараланған еді. Төбелеске сылтау әр-түрлі болғанымен, себеп бір – еңбек жағдайының теңсіздігі.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу