МҰНАЙ КҮРТ ҚЫМБАТТАДЫ

Иран генералы өлімінен соң, мұнай бағасы өсім көрсете бастады. Жыл соңында баға 66 доллар болған еді. Қазір көрсеткіш - 69 доллар, 5 цент. Бұл өткен жылдың сәуірінен кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Даблютиайдың баррелі – 63 доллардан асады. Сарапшылар қара алтынның баррелі 80 долларға дейін көтеріледі деп болжам жасады. Егер баға шарықтайтын болса, америкалықтар үшін газ бен мұнай өнімдерінің бағасын осы қалпы ұстап тұру қиындай түседі. Тиісінше, өндіріс қарқынын арттыру да оңай болмайды. Американың қор нарығында да айтарлықтай өзгеріс байқалды. S & P 500, Nasdaq Composite және Dow Jones өндірістік индексі 0,7 пайызға дейін түсіп кетті. 10 жылдық қазыналық облигациялардың кірісі де 7 базалық пунктке дейін төмендеді. Бүгін Американың бірқатар әуе компанияларының акциялары арзандады. Енді олар жолақысын қымбаттатуы мүмкін. Қазір инвесторлар қауіпсіз активтерді сатып алуда. Сол себепті алтын бағасы да 2,3 пайызға өсім көрсетті.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу