Н. НАЗАРБАЕВ ПАРТИЯ ІШІНДЕГІ САЙЛАУДЫҢ КҮНІН БЕКІТТІ

Нұрсұлтан Назарбаев партия ішіндегі сайлаудың өтетін күнін бекітті. Қаулыға сәйкес «Нұр Отанның» праймеризі 17-ші тамыздан 3-ші қазанға дейін өтеді. Төраға орынбасары Бауыржан Байбектің әлеуметтік желіге жазғанына қарасақ биыл заманауи трендтер қолданбақ. Нақтыласам, дауыс беру дәстүрлі түрде онлайн режімде де ұйымдастырылады. Ішкі сайлаудың негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен Мәслихатқа үміткерлер тізімін нақтылау. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев мләмдегендей кндидаттар қоғамның әр түрлі тобынан алынады. Еске салсам, праймериз 30-шы наурыз бен 16-шымамыр аралығында өтуі тиіс еді. Алайда, коронавирус салдарынан кейінге шегерілген.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу