НАУБАЙШЫЛАР НАН БАҒАСЫН 95 ТЕҢГЕГЕ КӨТЕРУДІ СҰРАП ОТЫР

Әлеуметтік нан бағасы бөлкесіне 95 теңге болуы тиіс. Елордалық наубайшылар осылай деп мелімдеуде. Айтуларынша, олар бір бөлке нанды 75 теңгеге сатып, қып-қызыл шығынға батып отыр. Біздің арнаға телефон арқылы сұхбат берген кәсіпкерлер өзара бірігіп, өнімнің құнын көтеруге қатысты шаһар басшысы Алтай Көлгіновке өтініш жасаған. Әзірге қала әкімі мәселені жауапсыз қалдырып отыр. Кәсіпкерлер мемлекеттен негізгі өнімнің бағасын шектемеуін және әлеуметтік әлсіз топтар үшін арнайы сауда орындарын ашып беруді ұсынуда. Айта кетейік Атырау облысы әкімінің орынбасары Серік Шәпкенов те дәл осындай пікір білдіріп, жергілікті басылымдарға сұхбат берген болатын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу