Неміс көліктері Қазақстанда құрастырылуы мүмкін

Қазақстан Президентінің Германияға жасаған ресми сапары барысында машина жасау бойынша келісім жасауы тегін емес. Алдағы уақытта неміс көлкітері біздің елде құрастырылып, шығарылатын болса таң қалмаңыз. Орайы түсіп тұрғанда айта кетейін, елімізде автомобиль өндірісі биыл максимумға жетті. Мұндай жағдай соңғы 7 жылда болмаған. Статистика комитеті мамандарының мәліметтерінше осы жылдың қыркүйек айында ғана автозауыттардан 4 260 жаңа көлік шығарылған. 2018 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда айлық өсім 45 пайызға артқан. Назарларыңызға мына ақпаратты ұсынайын. 2016 - жылы 7 мың көлік құрастырылған, 2017 – жылы 11,6 мың, 2018 – жылы шамамен 21,1 мың, биыл жыл басынан бері – 29,8 бірлік көлік шығарылған. Байқасаңыз отандық көліктердің өндірісі өзге жылдармен салыстырғанда әлдеқайда қарқын алған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу