НОУТБУК ҮШІН ҚАРЫЗ АЛЫП, БАСЫ ДАУҒА ҚАЛҒАН БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ АҚШАНЫ ҚАЙТАРУҒА ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

Ноутбук үшін Дүниежүзілік банктен қарыз алған Білім министрлігі ақыр-аяғы оның бір тиынын да жұмсамастан кері қайтаруға шешім қабылдады. Бірнеше күннен бері дауға айналған мәселе бүгін Парламент қабырғасында да айтылды. Тек содан кейін ведомство басшылығы халық алдында есеп беруді жөн көріпті. Сөйтсе, осыдан үш жыл бұрын алынған ақшаға о баста 2021 жылы ғана компьютер алу жоспарланыпты. Бірақ, пандемияға байланысты техникаларды биыл алуға әрекеттенген. Алайда бұдан түк шықпады деп ақталды министрлік.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу