НОУТБУКТАР САТЫП АЛУ ҮШІН БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТЕН $67 МЛН ҚАРЫЗ АЛҒАН

Осыдан үш жыл бұрын Білім министрлігі ноутбук пен сымсыз интернет сатып алу үшін Дүниежүзілік банктен қарыз алған. Аз сомма емес. 67 млн доллар. Бірақ қаражат мақсатты жұмсалмаған. Бұл туралы біздің арнаға берген сұхбатында мәжілісмен Азат Перуашев айтты. Енді, осындай жауапсыздықтан  қазір оқушылар зардап шегуде дейді. Жалпы, депутат сырттан қарыз алуды қысқарту қажет деп есептейді. Онсызда әрбір қазақстандық шетелдік несие берушіге 9 мың доллар берешек. Еліміздің сыртқы қарызы жөнінде әріптесім Арай Сүгірбай айтсын. Арай, сонда Білім министрлігі екі жылдан бері алған ақшаны жұмсамай, сақтап отыр ма?  

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу