Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында атылған оқтың мән-жайы анықталды

Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында болған атыстың мән-жайы анықталды. Оқиға туралы көліктегі полиция департаменті түсініктеме берді. Олардың ақпаратына сәйкес, үшінші желтоқсан күні өткен оқу-жаттығу барысында, күзет бөлімшесінің қызметкері қаруды ұқыпсыз қолданған. Салдарынан, тапанша абайсызда атылып кетіп, 3 адам жарақат алған. Зардап шеккендердің біреуі ауруханаға жатудан бас тартса, екеуі орташа деңгейлі жарақатпен емдеу мекемесіне жеткізілген.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу