НҰР-СҰЛТАНДА 1040 ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІСІ КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМНЕН 3 АЙҒА БОСАТЫЛДЫ

Елордадағы шағын кәсіпкерлік субъктілері коммуналдық төлем жасаудан 3 айға босатылды. Сондай-ақ, олардан сауда нүктесі үшін де жалдау ақысы алынбайды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі берген түсіктемесіне қарағанда, бұл 1040 кәсіпкерге қатысты. Оның 340-ы шағын және орта бизнес иелері болса, 590-ы "1000 сауда нүктесі" бағдарламасымен көшедегі дүңгіршіктерді жалдап отырғандар. Тағы 290-ы жерлікті басқару органымен шарт жасасып, қала меншігіндегі түрлі кешендерде азық-түлік және көкеніс сатумен айналысатын дүкендер. Бұдан бөлек, «Astana» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы да 110 бизнес субъектісін арендалық төлемнен босатқан. Барлығына 3 айға жасалған жеңілдік сомасы 148 млн теңгені құрамақ. Бастама 20-шы наурыздан күшіне енген. Еске салсақ, өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке төтенше жағдайға орай шағын және орта бизнеске бірқатар жеңілдік жасауды тапсырған болатын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу