НҰР-СҰЛТАНДА ЖРВИ МЕН ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ТЕГІН ВАКЦИНА ЕГІЛЕ БАСТАДЫ

Елордада жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмауға қарсы екпе салына бастады. Биыл респираторлы вирус пен тұмау коронавируспен асқынуы мүмкін. Сондықтан  дәрігерлер алдын-ала қамдану қажеттігін ескертеді. Вакцина кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне кіреді және оны тіркелген емханада алуға болады. Педиаторлар екпені алты айлық балалардан бастап ала алатынын айтып отыр. Ол тек тауық ақуызына аллергиясы бар адамдарға ғана рұқсат етілмеген. Вакцина Ресейде жасалған, ол 0,5 шприцке құйылған дайын екпе ретінде иықтан бұлшықетке салынады. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу