ӨҢІРДЕ ЖҰМЫРТҚА БАҒАСЫ БІР АПТАНЫҢ ІШІНДЕ 100 ТЕҢГЕДЕЙ ҚЫМБАТТАДЫ

Қостанай облысында жұмыртқаның құны бір аптаның ішінде 100 теңгеге жуық қымбаттап кетті. Бұған дейін 260 теңге болған өнім қазір 340-390-нан сатылуда. Шенеуніктер жұмыртқа бағасына құс тұмауы еш әсер етпейді деген еді. Алайда, Арқалықтағы құс фабриаксы тауықтарының көбі індеттен қырылып, карантинге жабылғалы бері баға тек өсумен келеді. Десек те, мамандар тұрғындарға тауық жұмыртқасының тапшылығы болмайтынын тағы да ескертті. Өйткені, облыста 3 ірі жұмыртқа кәсіпорыны бар, жылына 420 млн өнім береді. Бірақ бұл қараша халықтың қалтасына еш пайдасы болмай тұр. Билік бір апта бойы бағаны бос жіберіп, жұмыртқа құнының 100 теңгеге дейін көтерілгенінше еш әрекет жасамады. Тек, келер сенбіде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнын тұрақтандыруға арналған ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастырмақшы. Мұнда жұмыртқа бағасы 280-300 теңге аралығында сатылады деп отыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу