«ОЛИМП» ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ПТР-ТЕСТТІҢ БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТ ЕКЕНІН ТҮСІНДІРДІ

Бұл уақытта «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасының басшысы Covid-19ды анықтайтын полимеразды тізбекті реакция тестінің бағасы неге қымбат екенін түсіндірді. Ерлан Сулейменовтың айтуынша, Қытай тарапы медициналық тауарлардың бағасын күрт өсіріп жіберген. Мысалы, бұрын маска 4 теңгеден саудаланса, қазір дәл сол бетдперделердің құны 120 теңгеге дейін көтерілген. Қаперде болса, жуырда коронавирусты анықтайтын тестті ақылы түрде өтуге болатынын хабарлағанбыз. Тесттен өткізу Қазақстанның Атырау, Алматы, Көкшетау, Қарағанды, НұрСұлтан қалаларында жүзеге асырылады. Ол үшін мұрын, ауыз қуысынан сараптама алынады. Тексеру бағасы- 19 220 теңге, ал биоматериал алу құны - 540 теңге.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу