ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ ҚАНША ТҰРАДЫ?

Өмірді сақтандыруға деген сұраныс әлбетте, мына пандемия жағдайында артты.Бұл осы саладағы компаниялардың кірісіне оң әсер еткені сөзсіз. Мысалы, Қазақстанда 19 сақтандыру компаниясы тіркелген. Олардың 8-і өмірді сақтандырады. Атаулары экранда көрсетілген. Продюсерлеріміз оларға хабарласып, өмірді сақтандыру қанша тұратынын сұраған еді. Айтуларынша, белгіленген бір баға жоқ. Адамның жеке жағдайына қарай бекітіледі. Бірқатар компаниялар үш айға бастапқы баға 4490 тг, ал өтемақы 840 мың тг деп жарнама берген. Бұл тек коронавирустан сақтандыру.

ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУДЫ МІНДЕТТЕУ ҚАЖЕТ ПЕ?

Біздің тұрақты көрермендеріміз біледі, бұған дейін біз елімізде мүлікті сақтандыру ерікті емес, міндетті болатынын айтқанбыз. Оны біздің телеарнаға арнайы сұхбат берген Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өзі хабарлаған болатын. Ал өмірді сақтандыру ше? Оны халыққа міндеттеу қажет пе, жоқ па? 

Жанар Жұбаниязова Әділбекқызы  - Сақтандыру компаниясының Басқарма төрағасы

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу