Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау жеңілдей түспек

Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау жеңілдей түспек. Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен жиында Еуразиялық кеңістік елдері зияткерлік меншікті қорғауда маңызды құжатқа қол қойды. Патенттеу 8 елдің аумағында жұмыс істейді. Олар: Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Тәжікстан. Алайда басқа мемлекеттер де өз өнімін қорғауда халықаралық ұйымға жүгіне алады. Мысалы, 25 жылда әлемнің 120 елінен өнімін патенттеуге өтініш білдірген. Көбінесе жихаз, сағат, киім үлгісін ойлап тауып, шығармашылығын заң жүзінде өз атына бекітеді. Сонлай-ақ жиында Еуразиялық экономикалық елдер арасында алдағы уақытта бірыңғай сауда белгісі пайда болуы мүмкін деген болжамдар айтылды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу