Өңірлерде нан бағасы қымбаттап жатыр

Елімізде нан бағасы қымбаттап жатыр. Биліктегілер болса өңірлерде ас атасының құнын қараша айына дейін қалыпты деңгейде ұстап тұрамыз деп уәде берді. Негізінен баға өсімі Павлодар мен Ақтөбеде байқалып, бірден 20 теңгеге қымбаттаған. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға павлодарда нан 110 теңгеге сатылып жатса, Ақтөбеде 87 теңге саудалануда. Бағаның өсуіне бидайдың қымбаттағаны себеп болған.  Тек қана Петропавлда әлеуметтік нанның құны әлі де өзгеріссіз 56 теңге шамасында. Ал сауда орындарында бір бөлке нан  61 теңгеге сатылуда. Алайда өңірдегі наубайханашылар бұл баға мүлдем тиімсіз, биліктен қолдау керек деп дабыл қағуда. Қазіргі уақытта жергілікті әкімдік өңірдегі нан пісіру орындарымен бағаны қалыпты деңгейде сақтап қалу үшін келіссөздер жүргізуде.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу